НЗМ-нен шығарылған оқушы мектеп аттестатын алды

182
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4fJID5edaWTfCzXZ3Q1bWl4LBQTRl2YesblMgxtk.jpg

Мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен шығарылған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқан орта білім туралы аттестат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді ол басқа мектепте қайтадан 11-сыныпты оқымайды.

Қоғам белсендісі Аида Бұқаева Facebook парақшасында жазғандай, ол екі күн бойы бұрынғы НЗМ оқушысы Сұңқарды Алматыдағы мектептерге ертіп барған. Кейбір мектептер оны 1 қыркүйектен бастап 11-сыныпқа қайта қабылдауға дайын болған.

Алайда №8 мектеп-гимназиясында оған қорытынды емтихан тапсыруға мүмкіндік беріліп, Сұңқар «үштік» бағасыз, яғни қанағаттанарлық білім нәтижесімен орта білім аттестатын алған. Енді ҰБТ-ны тапсыруға дайындалып жатыр.

Comments