Ақтаудағы бір мектептің түлектері бітіру кешінің орнына аутизммен ауыратын балаларға көмек көрсеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Liter.kz порталына сілтеме жасап.
IT бағытындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып түлектері мектеппен қоштасу шарасын ерекше форматта атап өтті.
Биыл лицейдің 97 түлегі сән-салтанат пен қымбат кешкі банкеттен бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа аударды. Барлық қаржы аутизм спектрі мен басқа да ерекше қажеттіліктері бар
Шара «Сенің бес минутың — біреудің бүтін өмірі» деген ұранмен өтті. Игі бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар толығымен қолдау білдірген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаражат балаларды қоғамға бейімдеуге және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларға жұмсалады. Түлектер өз әрекеттері басқа мектеп бітірушілерді де шынайы қайырымдылыққа шабыттандырады деп сенеді.