Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Мәскеуге барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, министр АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасы аумағында жасаған соққыларына байланысты Ресей президенті Владимир Путин және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесіп, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқыламақ.
Еске салайық, 21 маусымда Аракчи NBC арнасына берген сұхбатында Мәскеуге ресми сапармен баратынын айтқан. Ол 23 маусым күні Путинмен кездесетінін де жеткізді.
Бұған дейін Владимир Путин Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты ұсыныстары бар екенін мәлімдеген еді.
Related news