"Аса ірі алаяқ". Грузияда Қазақстан азаматы ұсталды

1008
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3lvdN7b8I0k9GyK2T40CZjG4FehfvrIPJGuLAV4T.webp

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ІІМ сілтеп.

ІІМ мәліметінше, Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қолға түскен күдікті 2022 жылы танысын алдап, 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Ақшаны алған соң автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялаған болатын.

Сонымен қатар, 88 адамның ақшасын иемденді деген күдікке ілінген тағы бір қазақстандық та Грузиядан экстрадицияланған.

Comments