Адамның тойына барған Абаев "достықты жалғастырғанын" айтты

1373
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/d5aM2kRWOjMO7dqZb7biRSa2ADweDOOvvrh0q0J8.webp

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев Грозный қаласының маңында өткен Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыровтың үйлену тойына қатысқанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Абаев 28 маусым күні Ахмат Юрт ауылында өткен салтанатты шараға қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Мен тек Мәскеудегі елші ғана емеспін, бүкіл Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшісімін. Сондықтан өңірлерге де жиі барамын. Қазақ пен шешен халықтарының арасында тығыз, тарихи достық байланыс бар. Біз өткен ғасырда мыңдаған шешеннің Қазақстанға депортацияланғанын ұмытқан жоқпыз. Сол қиын кезеңде қазақ халқы шешен халқына қолдау білдірді. Бүгінгі қатысуым — осы достықтың жалғасы», – деп түсіндірді.

Айта кетейік, Адам Қадыров — Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы кенже ұлы. 2023 жылы Құранды өртегені үшін ұсталған Никита Журавелді тергеу изоляторында ұрып-соғып, дауға іліккен болатын. Осы оқиғадан кейін Ресейдің бірнеше аймағы оған түрлі марапаттар табыстаған.

Comments