Минскіде Қазақстанның экс-президенті «шетелдік көшбасшы» аталды

1131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tnfka5IQe8hd30KKAvE7tttAz4QcM2JQUWyYLYME.jpg

Минск Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «шетелдік көшбасшы» деп атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан да құттықтау келіп түсті. Ол Беларусь елінің тұрақты дамуын, мемлекеттік егемендіктің нығаюын және жаңғырту жолындағы жүйелі алға басуын атап өтті»,—делінген Беларусь президенті Александр Лукашенконың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған ақпарат «Тәуелсіздік күніне орай шетелдік көшбасшылардың жолдаған құттықтаулары» атты баспасөз хабарламасында жарияланған.

«Сіздің еліңіз алдағы уақытта да халықаралық аренада өз орнын нығайтып, жаңа табыстарға жетіп, қарқынды дамуын жалғастыра беретініне сенімдімін»,—деп тілек білдірген Назарбаев.

Comments