Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Тәуелсіздік күніне орай құттықтады, деп хабарлайды "Адырна".
Президент бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
«Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін», – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Related news
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
