3 шілде кешінен бастап Ресей Қарулы күштері Киевке жаппай соққылар жасауда. Бұл Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың қаңтардан бергі алтыншы ресми телефон арқылы сөйлескенінен кейін болып отыр. Бұл туралы Киев қалалық әскери әкімшілігі Telegram-да жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Киев әкімшілігінің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істеуде. Ұзаққа созылатын әуе дабылы жарияланды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Киевтің Днепров ауданында атып түсірілген дронның қалдықтары құлаған.
Соломен ауданында нысанда өрт шыққаны хабарланды. Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың айтуынша, зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.
Соломен ауданында дрон шабуылының салдарынан тұрғын үйлер өртеніп жатыр. Соққы саны мен қирандылардың ауқымы нақтылануда.
Украина Әуе күштерінің хабарлауынша, Ресейдің «Кинжал» аэробаллистикалық зымыранын тасымалдай алатын МиГ-31К жойғыш ұшағының ұшқаны тіркелді.
«Жаудың зымыран қолдану қаупі бар», – деп мәлімдеді Әуе күштері. Кейінірек қалада бірнеше жарылыс дыбысы естілді. Әлеуметтік желілерде баллистикалық зымыран соққылары туралы хабарламалар тарады.
3 шілде, таңғы сағат 3:00-дегі жағдай бойынша, Ресейдің Киевке жасаған шабуылдары салдарынан 8 адам жараланған.
Кремльдің хабарлауынша, Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде «Украинадағы әскери қақтығысты тезірек тоқтату мәселесін көтерген». Ал Путин өз кезегінде «қақтығыстың себептерін жою мақсаттарынан бас тартпайтынын» мәлімдеген. Бұл туралы 3 шілдеде Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлаған.
АҚШ пен Ресей президенттерінің алдыңғы әңгімесі маусым айының ортасында өткен. Сол кезде Путин Таяу Шығыстағы шиеленісті реттеу процесіне дайын екенін айтқан.
Financial Times газетінің мәліметінше, 4 шілдеде Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен де телефон арқылы сөйлеспек. AFP агенттігіне пікір білдірген украиналық шенеуніктер Киевте бұл қоңырауға дайындық жүріп жатқанын растады.
1 шілдеде Politico газеті үш дереккөзге сілтеме жасап, Пентагон Украинаға Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды, Hellfire зымырандары мен басқа да жоғары дәлдіктегі артиллериялық оқ-дәрілерді жеткізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Себебі – АҚШ-та бұл қару түрлерінің қоры азайып кеткеніне алаңдаушылық. Газеттің жазуынша, бұл қару-жарақтарды жеткізу туралы келісімдер Киевпен бұрынғы президент Джо Байден әкімшілігі кезінде жасалған.
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them
"Influential people, extremists, extreme religious people". The President described the incident in January