6 шілдеде Астанада бокстан әлем кубогі кезеңінің соңғы жарыс күні өтті. Қазақстан құрамасы ел қоржынына 8 алтын, 4 күміс медаль салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ, әлемдік додада Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және
Ал Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, Әлем кубогі 30 маусымда басталған еді. Жаһандық жарысқа 30-ға жуық елден 300-ден астам спортшы келді. Бұл — Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы.