7 адам жанып кеткен жол апаты алдында. Жолаушылардың соңғы видеосы жарияланған

4642
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DIamkWI56DplYnZfVkwN3iUIbz37dmuyQUmebN5u.jpg

Әлеуметтік желіде Балқаш маңында көлікте тірідей жанып кеткен 7 адамның соңғы видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

5 шілде күні Қарағанды облысындағы Ақшатау кенті маңында қайғылы жол апаты болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш бағытында келе жатқан Kia Sedona жүргізушісі жол белгілеріне мән бермей, басқа көлікті басып озған. Оның салдарынан көлік жөндеу жүріп жатқан аумаққа ұшып келіп, кейін көлік қоршауға соғылған. Соқтығысудан кейін көлік өртеніп кеткен.

«Апат салдарынан көліктегі жеті жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді»,—деді ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Comments