Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге туған күніне орай «Hyundai» маркалы автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Екінші рет алып жатырмыз. Аллаға шүкір! Бірінші көлігі тозған жоқ. Бірақ туған күніне жаңартып, үш жыл бұрынғы темір тұлпарын бауырына сыйлап жатырмыз»,—деді ол.
«Құтты болсын!», «Темір тұлпар астыңда тозсын», «Бәрекелді» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Мерей Нұрқаділова 2002 жылы 6 шілдеде дүниеге келген.
Related news