Әкем материалдық құндылықтарды ешқашан биік қойған емес – Нұрғиса Тілендиев жайлы қызының естелігі

1271
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5QZOVfvouYYda9B8rGqxzFF6VrY2MxpaEmviIriR.jpg

Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік ұстанымы мен адами болмысы жайлы қызы Дінзухра Нұрғисақызы жүрекжарды пікірін білдірді. Бұл туралы ол "Айқын" газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна".

 "Әкем өте қарапайым жан еді. Шын мәнінде, оның қолында орасан зор мүмкіндік болды. Бі­рақ ол соның бәрін өзі үшін емес, өзгелер үшін пайдаланды", – дейді Дінзухра.

Оның айтуынша, әкесі әрқашан айналасындағы адамдарға қамқор болып, әсіресе үйсіз-күйсіз жүрген өнер иелеріне қол ұшын созуға тырысқан.

 "Егер оркестр  ұжымындағы бір адам­ның бас­панасы болмаса, міндетті түрде көмек­тесуге тырысатын. Әкем өмірден өткен соң, есейе келе өмір жолымда талай адам­мен жолықтым. Олар маған: «Білесіз бе, мен пәтерге әкеңіздің арқасында қол жеткіздім», – деп айтып жатады. Мұндай жандарды әлі күнге дейін жиі кездес­тіремін", – дейді ол.

Нұрғиса Тілендиев материалдық құндылықтарды ешқашан биік қойған емес. Тіпті қарапайым тіршіліктің өзін қанағат тұтқан жан болған.

"Анам кейде «Саяжай алсақ қой, осындай заттарымыз болса екен» деп айтса, әкем: «Дариға, қажет емес», – дей­тін. Себебі әкем үшін мате­риалдық байлық ешқашан басты құнды­лық болған емес", – деп еске алады қызы.

Comments
Other materials