Қырғызстанда Семенов-Тян-Шанскийдің ескерткішін алып тастады

958
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hBgSChkUSDmoMrgO9UaWnUe9iVSvCYH7kPlkCixz.jpg

Қырғызстанның Балықшы қаласындағы Петр Семенов-Тян-Шанский ескерткіші әдеттегі орнынан жоғалып кеткен. Бұл туралы бүгін, 8 шілдеде Kaktus.media оқырмандары мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна”.

Ескерткіш қалаға кіре берісте, жақында ғана бұзылған экопосттың дәл артында орналасқан еді.

Белгілі болғандай, ескерткіш қазір "Жасыл шаруашылық" МКК аумағына көшірілген.

Балықшы қаласының әкімі Султан Кермалиев Kaktus.media тілшісіне берген сұхбатында бұл мәселе бойынша қазіргі таңда тексеру жүріп жатқанын айтты.

Петр Семенов-Тян-Шанскийдің ескерткіші Балықшыда 1982 жылы, ғалымның туғанына 155 жыл толуына орай орнатылған. Ескерткіште Семенов-Тян-Шанский жас зерттеуші бейнесінде, таулы соқпақпен жылқымен келе жатқан сәті бейнеленген.

Бұған дейін Балықшы әкімдігі қала кіреберісіндегі экобекетті бұзып, оның орнына “Кыргыз дүйнөсү" туристік кешенін салу жоспарымен бөліскен болатын.

Comments