Астанада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қаза тапқан балалардың бірі – үш жаста, екіншісі – алты жаста болған.
Тағы екі бала оқиға орнынан көптеген жарақатпен балалар стационарына жеткізілген. Қазір екеуі де ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
«Өкінішке қарай, балалардың биіктен құлау оқиғалары жылдан жылға артып келеді. Жыл басынан бері бізге түрлі биіктіктен құлаған 51 бала жеткізілді. Олардың төртеуі алған жарақаттарынан стационарда көз жұмды», – дейді №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматолог-дәрігерлері.
Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда балалар маса
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:
- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;
– ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.