Араздасқаннан кейінгі алғашқы жүздесу. Ресей мен Әзербайжан төтенше жағдай министрлері келіссөз өткізді

1028
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6y9nw6BG4GWGFVCVumvhWancdHZLaKv41c0APpvH.jpg

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі мен Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Ресей Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренков Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі Кямаледдин Гейдаровпен екіжақты кездесу өткізді. Ресейлік ведомство басшысы Иран мен Израиль арасындағы соңғы қақтығыс кезінде ресейлік азаматтарды Ираннан эвакуациялау ісін ұйымдастырғаны үшін Әзербайжанға алғысын білдірді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрлер екі елдің төтенше жағдайлар органдары арасындағы серіктестікті талқылап, Әзербайжанның Азаматтық қорғаныс жөніндегі халықаралық ұйымының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Аталған ұйымның 58-ші отырысы қазіргі таңда Бакуде өтіп жатыр.

«Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс – төтенше жағдайлар қызметтері арасындағы халықаралық өзара іс-қимыл аясында құтқару мен өзара көмек көрсету сияқты ізгі істің басымдығын дәлелдейді», – деп толықтырды Ресей ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Михаил Евдокимовты шақырып, ресейлік тараптың достыққа жат әрекеттеріне байланысты ресми наразылық білдірген еді  

 

Comments