Әлиевтің Ресей президентінің жеке өкілімен кездесуден бас тартқаны айтылды

1076
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/r0qNbJOx2cxW3n7vRpR399MPtYQ0K8wS1jLqn1XA.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей президентінің жеке өкілі, төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды жою министрі Александр Куренковпен кездесуден бас тартқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дереккөздің мәліметінше, әзербайжан тарапынан желтоқсан айында E190 ұшағының Ресей тарапынан атып түсірілгенін ресми мойындау талабына ресейлік делегация келіспеген.

Куренков Әзербайжан астанасында болған кезде, жергілікті сот ресейлік журналистердің бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Яғни, олар қамауда қала береді, демек, қандай да бір тұтқын алмасу жайы қарастырылмай отыр.

Ресми түрде Куренков Бакуде өткен төтенше жағдайлар министрлерінің шағын форматтағы кездесуіне қатысқан. Алайда дереккөздің айтуынша, ол Әлиевпен бейресми кездесу өткізуді көздеген, бірақ әзербайжан тарапы мұндай диалогтың болмайтынын ашық білдіріп, ресейлік министр сапар мерзімін қысқартуға мәжбүр болғаны хабарланды.

 

Comments