"Жолы болмаған" министр жұмыс кестесіне шағымданды

1270
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DhdAPQDkY7iKiVO9LuI30xNCRNYHt2LvVOlFETCf.webp

Италияның вице-премьері және сыртқы істер министрі Антонио Таяни өз жұмыс кестесінің тығыздығына шағымданып, өзін ел тарихындағы “жолы болмаған СІМ басшысы” деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ол парламенттегі сөз сөйлеу кезінде мәлімдеді.

Министр депутаттар палатасындағы іс-шараға кешігіп келіп, қатысушылардан кешірім сұрады.

«Кешіккенім үшін кешірім сұраймын, өкінішке қарай, күн өте ауыр болды… Мен — Италия тарихындағы "жолы болмаған" сыртқы істер министрімін. Үнемі бірдеңе болып жатады. Мысалы, соғыс, тағы бір сауда соғысы… Мен кешірім сұраймын», — деді Таяни.

Оның сөзін парламент сайты тікелей эфирде таратты.

Антонио Таяни 2022 жылдан бері Италияның сыртқы істер министрі қызметін атқарып келеді.

Соңғы айларда Украинадағы және Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты министрдің халықаралық сапарлары мен келіссөздері айтарлықтай артқан.

Comments