Перизат Қайрат ісі бойынша соттың бір бөлігі жабық режимде өтеді

846
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RvMrjf4vty9N4Gmbu1Ctk97bYLVzw1XBYPVIKNIs.jpg

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Перизат Қайраттың сот отырысын жабық форматта өткізу туралы өтінішін жартылай қанағаттандырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Соттың шешіміне сәйкес, тек айыпталушыларды тергеу бөлімі ғана жабық түрде өтеді. Себебі бұл кезеңде құпия деректер мен банк құпиясы жария етілуі мүмкін.

Қалған сот отырыстары ашық режимде өтеді.

Сот процесі апта сайын дүйсенбі және сейсенбі күндері өтеді. Келесі отырыс 14 шілдеге белгіленген.

Іс бойынша басты айыпталушылар — Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева. Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында қамауға алынса, анасы үйқамақта отыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған қаржыны жеке қажетіне жұмсаған.

Comments