Астанада ер адам Министрліктер үйін өртемек болған (ВИДЕО)

1554
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yjW6rhQdyYHAR2num46spQFXIEvJBIsMhh3uZzSo.webp

Астанада 24 жастағы ер адам Министрліктер үйінің кіреберістерінің біріне өрт қоймақ болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның бүгін, 10 шілдеде таңғы сағат 08:00 шамасында болғанын растады. Айтуларынша, ғимарат іші толық тексерілген. Зардап шеккендер жоқ.

«Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,—деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Comments
Other materials