Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймақтың демалушыларды қабылдауға дайын еместігіне байланысты Үкіметке тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол халықтан көптеген шағым түскенін мәлімдеді.
«Қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген. Президент Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды»,—деп жазды Руслан Желдібай.