Мәжіліс депутаты анонимді түрде Тимур Турловтың капиталының артында «Роснефть» басшысы Игорь Сечиннің мүдделері тұруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
«Қазір парламент кулуарларында Турлов жайлы көп әңгіме айтылып жүр. Ол осыншама қысқа мерзім ішінде қалайша көп табыс тауып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша олигархтар тізімінде бесінші орыннан бірден екінші орынға шыққаны түсініксіз. Оның бизнесі нақты өндіріс саласымен байланысты емес. Негізгі табыс көзі – қаржылық технологиялар. Сондықтан да Ресейдің ФСБ қызметімен ықтимал байланысы, оның холдингінің антиресейлік санкцияларды айналып өтуге қатысы және оның ақшасы шын мәнінде Игорь Сечиннің ақшасы болуы мүмкін деген күдік көп», – дейді депутат.
Депутаттың айтуынша, парламент мүшелерінің Тимур Турловтың қызметіне қызығушылығы 2022 жылдан бастап пайда болған. Кейінгі мәліметтер бұл күдіктерді күшейте түскен.
«2022 жылдың қазанында Украина президенті Зеленскийдің жеке санкциясына ілінуі жайдан-жай емес деп ойлаймын. Ол кезде Турлов маусым айында Қазақстан
Ол сондай-ақ 2023 жылы жарияланған америкалық Hindenburg Research пен Citron Research зерттеулерінде Турловтың холдингі бағалы қағаздармен жүргізілген жалған операциялар арқылы табысты өсірген құрылымдардың қатарында аталғанын еске салды.
Депутаттың айтуынша, мәжілісмендер арасында ең көп алаңдаушылық тудыратын мәселе – Турловтың бизнес құрылымдарының «агрессивті әрі шектен тыс кеңеюі».
«Оның құрылымдары қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай көбейіп жатыр. Біздің қор нарығындағы қызметінен бөлек, Freedom телекоммуникация саласына кірді, автодөңгелек пен мобильді телефон сатады, өзінің сақтандыру компаниясы мен медиақұрылымдары бар. Барлық жерде басшылық қызметтерде Ресейден келген адамдар отыр. Бұл – Турлов Қазақстанда экономикалық экспансия жүргізу тапсырмасын орындап жүргендей әсер қалдырады. Мәскеу Украинамен соғысқа дейін барды. Ал Қазақстанмен басқа жолды таңдаған сияқты», – деді ол.