Алакөлдегі жағдай мемлекет басшысының сынынан кейін бақылауға алынды

1158
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KqnVprEzQbGwZDtAEztYomg8gpYM4EE3hRUAeDJN.jpg

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курорттық аймағына барып, тексеріс жүргізәп, әкімдік пен бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрліктің мәліметінше, кейбір жағажайларда санитарлық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері мен қоршаулар жоқ. Сонымен қатар, су көліктерін бақылау жеткіліксіз, құтқару мұнаралары мен ақпараттық құралдар тапшы. Қауіпсіздік талаптарының негізгі стандарттары да сақталмай отырғаны анықталған.

Еске салайық, азаматтардың көптеп шағымдануына байланысты мемлекет басшысы Алакөл маңындағы танымал туристік аймақтың демалушыларды қабылдауға дайындық деңгейінің төмендігіне үкіметтің назарын аударған болатын.

Президенттің Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымның жағдайына қатысты сынынан кейін Абай облысының әкімі тапсырма беріп, оның орынбасары аудан басшылығы мен жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көл жағасында жедел жиналыс өткізді.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында танымал курорттың негізгі проблемалары айтылды. Ал Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындауға байланысты кеңес өткізді.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасындағы жағалауды аралаған соң Жетісу облысындағы Алакөл демалыс аймақтарын тексерген болатын.

Comments