Президент Салық кодексіне өзгерістер енгізді

1449
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K3VKe7JWEtKmbZoVTpBBrJ9AShntgK2PLe8HKayh.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қол қойылған құжат 2017 жылдан бастап қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды көздейді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жекелеген нормалар өзектендіріледі, қайталанатын немесе ескірген ережелерді алып тасталынады,
нақты бағытталған салықтық шаралар қабылданады. 

Comments