АҚШ президенті Дональд Трамптан созылмалы веналық жетіспеушілік диагнозы қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеп.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, 79 жастағы мемлекет басшысы медициналық тексеруден өткен. Бұған дейін жұртшылық Трамптың аяқтарының ісіп, қолында көгерген іздер пайда болғанын байқаған.
"Дәрігерлер ісінудің тамырлардың қызметінің бұзылуынан екенін анықтады. Бұл - 70 жастан асқан адамдар арасында кең таралған жағдай, әрбір жиырмасыншы ересек адамда кездеседі", — деді Ливитт.
Сондай-ақ, баспасөз хатшысы көгерген іздердің жиі қол алысып амандасудан пайда болғанын және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін қабылданатын дәрі-дәрмектердің зиянсыз жанама әсері екенін атап өтті.
Ақ үйдің дәрігері Шон Барбабелланың айтуынша, президенттің бойында терең көктамыр тромбозы, артериялық аурулар, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі белгілері жоқ. Қанды талдау нәтижелері де қалыпты шектерде. Дәрігерлердің сөзінше, Дональд Трамп ешқандай физикалық жайсыздық сезінбейді.
"Президент денсаулығы өте жақсы жағдайда", — деп мәлімдеді Барбабелла өз қызметтік жазбасында.