Ресей Федерациясының ішкі істер министрі, Ресей полициясының генералы Владимир Колокольцев Өскемен қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін, 21 шілдеде Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Колокольцев Ресей мен Қазақстан ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқа отырысына қатыспақ.
«Отырыста екі елдің ішкі істер органдары арасындағы іздестіру қызметі және синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланады», – делінген хабарламада.
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
