23 шілдеде Астана уақытымен 15:37-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта орналасқан.
Сейсмикалық белсенділік Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді. Атап айтқанда, 4 баллға дейінгі дүмпулер төмендегі елді мекендерде байқалған:
Абай облысы: Көкпекті, Қалбатау, Ақсуат, Аягөз, Семей, Үржар, Жоламан, Мақаншы, Қараауыл, Бесқарағай, Бородулиха ауылдары;
Шығыс Қазақстан облысы: Самар, Қасым Қайсенов кенті, Өскемен, Глубокое, Күршім, Алтай (Зырян), Риддер (Лениногорск), Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ақжар, Катонқарағай, Буран, Марқакөл, Зайсан елді мекендері.
Жер сілкінісінің күші кейбір жерлерде 4 баллға дейін жеткенімен, қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы ресми ақпарат тіркелген жоқ.
The President demanded from the Minister of Ecology to solve the problem of regulation of the number of antelope wisely
