Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы бүгін, 24 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты»,—делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде «Ангара» әуе компаниясының АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борт ішіндегі 49 адамның түгел қаза тапқанын жазған едік.
Related news
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them
