29 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылында қарулы қақтығыс болып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушілер травматикалық қарудан жарақат алған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, қылмыстың мән-жайы анықтала бастады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіруге оқталу, екі немесе одан да көп адамға қарсы, топтасып, алдын ала сөз байласу арқылы, бұзақылық ниетпен жасалған” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция мәліметінше, күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаға қатысты басқа ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.
“Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында өзге мәліметтер жариялауға жатпайды”, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.