3 тамыз күні таңертең Алматы – Екатеринбург тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мотоциклші Балқаш бағытына қарай келе жатып, патрульдік көлікке соқтығысқан.
«42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары.
Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
