Күдікті ме, құрбан ба? Полиция қалай көшедегі адамды 17 жылға соттап жіберді?

1118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TCZebbFbY0J6FgDvMIyFnfelJLjJI5gntiKXhK3O.jpg

2023 жылдың наурыз айының басында болған бұл оқиға көп сұрақ тудырып отыр. Сәбетқазы Қалиев түн ішінде бауырының үйіне бармақ болады. Бірақ подъезден шатасып, басқа подьездге кіріп кетіп,  төртінші қабатқа көтеріліп, бауырының есігін іздей бастайды. Сөйтіп есіктерді қаққылай бастаған. Ал, бауыры көрші подьезде тұратын.

Сол сәтте Каменская есімді әйел есігін ашып, айғайлап, ұрысады. Артынша полиция шақырады. Бірақ ең қызығы — бейнебақылау жазбасына сүйенсек, полиция шақырылудан 11 минут бұрын келіп қойған. Видеода Қалиев подьезден 22:58 шығып тұр. Полиция 22:59 келіп тұр. Каменская болса сағат 23:10-да полицияға хабарласқан, ал полиция 22:29-да келіп үлгерген. Бұл қалай мүмкін?

Сол түні дәл осы үйден Борис Шек есімді азаматтың мәйіті табылып, айып тағылады. 

Марқұмның пәтеріне кірген куәгерлер пәтер іші шашылып жатқан, екі-үш адам төбелескен сияқты дейді. Марқұмнан аққан қан еденге қатып қалған. Яғни, мәйіттің жатқанына тәуліктен асып кеткен болуы да мүмкін. Столдың үстінде екі стакан, дәретханадан сыраның бөтелкесі табылған. Бірақ, полиция ешқандай да Қалиевтің саусақ іздерін таппаған! 
Қалиевтің адвокаты Төлеген Байтеновтың айтуынша, "марқұм Шекті дәл Сәбетқазы өлтірген болса экспертиза бойынша ол ұрып-соғудан сол күні түнгі 23:00-де емес, ертеңінде таңертең 11-де өлу керек болатын" дейді. 

Үйге келіп кетіп жүрген марқұмның өгей немересінен жауап алмаған! Бұл аса маңызды еді. Себебі, осы немересі осы пәтерді артынан сатып жіберген!

Сот үстінде судья "Қалиевтің үсті басы тап-таза ғой. Тіпті, туфлиында да қан жоқ. Қылмысты ол жасауы мүмкін емес" деп айтып тұрып 17 жылға соттап жіберді!

Бұл жерде көп нәрсе күмән тудырады:

Қылмыс орнынан саусақ іздері табылмаған;
Бейнебақылау камералары көп болғанымен, тергеушілер оларды қарамаған;
 Үй ішінде басқа адамның қатысы болуы мүмкін деген нұсқалар ескерілмеген;
Марқұмның немересі сол үйге жиі келіп жүрген, бірақ ол да тергелмеген.

Бұл іс ашық әрі әділ тергелмесе, кінәсіз адам құрбан болып кетуі мүмкін. Біз әділдік талап етеміз!
Қылмыстың нағыз кінәлісі анықталсын!
Тергеу барлық дәлелді, куәлікті ескеріп жүргізілсін!

 Бұл тек бір адамның тағдыры емес — бұл бүкіл қоғамның әділетке сенімі туралы.

Оңғар Қабден

Comments
Other materials