Алматыда автобус жүргізушісі 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін, 7 тамыз күні Айнабұлақ ықшамауданында болған.
«Автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылған кезде жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші жолды оңтүстік бағытта кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, 1957 жылы туған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды»,—деп түсіндірді полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan