Заңсыз иемденілген активтер есебінен Абайда су желілері салынбақ

1021
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6cq4OapVCviMfKGew2wCBQPnuYpKnzhMlIHB8B7L.jpg

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдарды салуға бағытталуда. Өңірде жалпы 21 жоба іске асырылып жатыр. Оның жетеуі Семей қаласында орналасқан.

Су желілерін тарту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды. Атап айтқанда, Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында жаңа сумен жабдықтау желілері жүргізілмек.

Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазір Семей қаласында сумен қамту деңгейі – 95,5%, ал Абай облысының ауылдарында 95% құрайды.

Comments