Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін, 13 тамызда Қарасай батыр мен Әди Шәріпов көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйелге ағаштың сынып түскен бұтағы құлаған. Жедел жәрдем келгенше ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, марқұмның есімі – Татьяна. Ол жақын маңдағы кеңседе есепші болып жұмыс істеген.
Алматы полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan