Трамп Ресей және Украинамен үшжақты кездесу өткізбек

898
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп 22 тамызда Ресей және Украина көшбасшыларымен үшжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін Еуропа жетекшілерімен сөйлесу барысында айтқан.

Әңгімеге Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысты.

Дональд Трамп келіссөздерге дайындықты Украина президентімен дүйсенбі күні өтетін кездесу нәтижелі болған жағдайда ғана бастайтынын айтты.

Еуропалық шенеуніктердің сөзінше, келіссөздерге ЕО-ның кемінде бір жетекшісі қатысуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 15 тамызда Трамп пен Путин Аляскада алты жылдан бергі алғашқы жүздесуін өткізген еді. Анкориджде өткен келіссөзді екі тарап та пайдалы және нәтижелі деп бағалағанымен, нақты келісімдерге қол жеткізілмеді.

Comments