Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ұшып барды. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Вашингтонға келіп жеттім. 18 тамызда президент Трамппен кездесу болады. Біз еуропалық көшбасшылармен сөйлесеміз. АҚШ пезидентіне шақырту үшін алғыс айтамын», — деді Зеленский.
Ол Украинаның ұзақ мерзімді бейбітшілікті ұстанатынын атап өтті.
Өз кезегінде АҚШ президенті Truth Social желісінде украиналық көшбасшы Қырымнан бас тартса және НАТО-ға қосылмау шешімін қабылдаса, дауды бірден тоқтатуға мүмкіндігі бар екенін жазды.
Related news