Құмар ойынына жұмсалған. Жетісу облысында субсидияны жымқыру дерегі анықталды

1530
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sA7HhKsGF7pWl6MYu7kSyp7ponE7SXxvfO3nU57W.webp

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы. Ол екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, Ауыл шаруашылығы басқармасынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып келген. Жалпы залал көлемі 300 млн теңгеден асты.

Заңсыз алынған қаржының бір бөлігі – 110 млн теңге – құмар ойындарына жұмсалған.

Сонымен қатар, шығындарды растау үшін жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу туралы жалған құжаттар және сары май өндірісі бойынша көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған.

Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ түрі таңдалған. Тергеу жалғасуда.

Агенттік ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Comments