Ақмола облысында найзағай соққысынан бір бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы жағдай 20 тамыз күні Бурабай ауданының Үлгі ауылында болған.
Полиция мәліметінше, найзағай соққысының салдарынан 2015 жылғы бала қаза тапқан, ал 2010 жылы туған тағы бір бала жарақат алған.
«Аталған факті бойынша Бурабай ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта толық ақпарат жиналып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Related news