Қытай Қазақстанға 7,5 млрд теңге қайтарымсыз қаржы бермек

1063
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7374wCfCtXX74w2NAYN3fkBkWnMgTXNWAxqb7fIH.jpg

Қытай Қазақстанға 100 млн юань көлемінде қайтарымсыз грант беруі мүмкін – бұл 7,5 млрд теңге. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна».

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы қаулы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, Қытай қазақстандық тарапқа 100 млн юань (шамамен 7,5 млрд теңге) көлемінде қайтарымсыз грант бөледі, ол Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға жұмсалады.

Келісімнің мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық ахуалды жақсарту және елдің ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін арттыру үшін Қазақстанға қосымша инвестициялар тарту.

Құжат жобасы 24 тамызға дейін талқыланбақ.

Comments