Тоқаев Өзбекстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1096
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8Zq8aWLpH1KJ1PCNb2GCBaxclf8zK7awtCQOV2bZ.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Мирзиёевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.

– Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін. Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді, – деп жазылған жеделхатта.

Comments