Жаңа ереже. Алматыдағы сауда үйінің біріне ниқаб пен паранжа кигендер кіре алмайды

974
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/r3vx0HwhWCeCWwtfriT563Si1K3bJBPLkvtUdGPi.webp

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында келушілерге бет-әлпетті толық жабатын киіммен кіруге болмайтыны ескертілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Яғни, ниқаб, паранжа немесе балаклава киюге тыйым салынады. Ал хиджаб пен орамалға рұқсат берілген. Себебі олар бет пішінін тануға кедергі жасамайды.

Threads желісінің қолданушылары жаңалықты қызу талқылап жатыр. Кейбір қазақстандықтар мұны мұсылман әйелдерінің құқығын шектеу деп қабылдаса, енді бірі бұл тек заңды орындау шарасы екенін айтады.

Comments