Алматыда жекеменшік мектеп оқушысы өзіне қол жұмсаған

946
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/farYkdT9TIWiCeRUchFX8vLToqqfcdLpNKFyuKDc.jpg

Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы суицид жасады. Әлеуметтік желіде 17 жастағы қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға Алматыдағы “Бакалавриат” атты жекеменшік мектепте болған, деп хабарлайды “Адырна”.

Желіде жасөспірім мұндай қадамға мектеп директоры мен директор орынбасарынан ұрыс естігеннен кейін барғанын жазып жатыр. Қыздың мектеп шығарылғаны айтылған. Бұған оқушының 1 қыркүйекке мектеп формасын киіп келмегені, көзіне қызыл линза тағып келгені себеп болған деп жазды.

Алматы полиция департаменті жасөспірімнің суицид жасағанына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Comments