Қазақстан мәдениеті тарихында ұлттық театрдың құрылғанына бір ғасыр толды.
100 жыл бұрын, 1925 жылы Қызылорда қаласында алғашқы кәсіби ұлттық театр құрылды.
Тұңғыш ұлттық театрдың құрылуы қазақ өнерінің жаңа дәуірін ашып, ел мәдениетінде өзіндік орын алды. Театрдың алғашқы қойылымдары натуралистік, әлеуметтік-тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық сипатымен ерекшеленді. Спектакльдерде халық әндері кеңінен пайдаланылды.
Театрдың ресми ашуы 1926 жылдың 13 қаңтарында үлкен концерт пен «Еңлік-Кебек» спектаклінің үшінші актінің қойылысымен өтті. Спектакль Мұхтар Әуезовтың «Еңлік — Кебек», «Қарагөз», «Ел ағасы», «Бәйбіше — тоқал» және басқа да пьесалары бойынша қойылды.
Related news