Қазақстандық жүргізуші куәліктеріне чип енді қойылмайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомство көлік құралын тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігінің формалары мен үлгілеріне қатысты министрдің бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Жобада бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында чиптен бас тарту шарасы көрсетілген. Министрлік түсіндіргендей, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды қажет етеді. Ал бүгінде олардың барлық функцияларын мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық атқарып отыр.
Құжатта көрсетілгендей, бұл шешім құжаттарды дайындау процесін оңтайландырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
