“Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның хабарлауынша, 26 қазаннан бастап Алматы мен Мәскеу арасында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл бағытта № 7/8 "Алматы – Саратов" пойызының құрамындағы вагондар Саратов станциясына дейін барады. Одан әрі вагондар № 85/86 "Дербент – Мәскеу" пойызына тіркеліп, Мәскеуге жөнелтіледі.
“Мәскеуге тікелей баратын "Алматы – Мәскеу" бағытындағы вагондар күнара қатынайды. Құрамында бір купелік және бір плацкарт вагон болады”, – деп нақтылады "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері.
Жолаушылар бұл бағытқа билеттерді онлайн түрде сатып ала алады.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
