Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
“Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді”, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
