ТЖД қызметкері тапқан олжа. Есіл жағасындағы мамонт сүйегі

3361
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/C1M4sAYusyjTcZPJ7ucFYz1bvF1j0GgVCsVi19oz.webp

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде балық аулап жүрген құтқарушы мамонтқа тиесілі болуы мүмкін сүйекті тауып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғалымдар бұл олжаны сирек кездесетін сенсация деп бағалап, өзеннің түбінде тұтас қаңқа сақталған болуы ықтимал екенін айтып отыр. Жіліктің ұзындығы 1 метрден асады, салмағы 15 келіге жуық.

СҚУ профессоры Анатолий Плешаковтың айтуынша, сүйекті ТЖД қызметкері Әсет Шайкин тапқан. Ол балық аулап жүрген кезде судан шығып тұрған алып сүйекті байқап, кейін суретін ғалымдарға жіберген.

«Жексенбі күні Бескөлге барғанымызда ол бізге орнын көрсетті. Бұл – нағыз сенсация. Мамонт сүйегі күнде табыла бермейді», – дейді профессор.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл — 150 мың жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың немесе жүндес мүйізтұмсықтың сүйегі. Ғалымдар бұл маңнан толық қаңқа табылуы мүмкін деп болжам жасап отыр.

Сүйек облыстық тарихи өлкетану мұражайына тапсырылады. Келер жылы өзен жағасында қазба жұмыстары бастауы мүмкін.

Comments