20 қыркүйекте Алматы облысындағы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде тарихи оқиға болды. 1000 түйеден құралған әлемдегі ең үлкен керуен 1 шақырым жолды жүріп өтті, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл керуен бұған дейін Қытайда тіркелген 365 түйелік көрсеткіштен үш есеге асып түсті.
Мақсат – ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу және туризмді дамыту.
«Мың түйеден құралған бұл керуен – халқымыздың ұлы мұрасын әлемге паш еткен тарихи оқиға», - деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы.
Гиннес рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг мұндай ауқымды түйе керуенін алғаш рет көріп отырғанын айтты.
«Бұл – әлемдік қазына», – деп бағалады ол.
Бұл жетістік Қазақстанның мәдениеті мен туризмін жаңа деңгейге көтеретін үлкен қадам болды.