Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды. Бұл туралы 2025 жылы 21 қыркүйекте Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.
Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed