Есірткі туралы. Заңгер Қаракесектің әндеріне тыйым салуды ұсынды

993
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wKKGwEmKmxcS8aVHgWT8J67aCPeSMCneVScQCTwK.jpg

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әнші Қаракесектің шығармашылығына тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жақында Ақтөбеде Қаракесек деген әнші ұсталды. Оның қылмыстық ісі әкімшілік іске ауысып кетті. Бірақ осындай тұлғаларды сахналардан, эфирлерден, платформалардан алып тастау керек. Оның әндері жастар арасында кең тараған. «Әппағым, сенен артығын таппадым» дейді. Былай қарасаң, махаббат туралы ән сияқты. Бірақ ол мефедрон, ақ ұнтаққа қатысты ән деген қауесет бар. Есірткіні астарлап насихаттап жүр. Мәдениет министрлігі осындай әншілердің әндерін сахнадан алып тастай ала ма?», – деді заңгер.

Бұл сауалға мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жауап берді. Оның айтуынша, жастар арасында есірткіні романтизациялау деректері кездеседі.

«Қаракесектің жағдайына келсек, маған да көп адам «әндерін мас күйінде жазған шығар» деп айтты. Бұл әр адамның қиялы болуы мүмкін. Бірақ, екінші жағынан, біз бұл жағынан қалай сақтана аламыз? Мұндайға қатысы бар әртістерді қадағалап отырамыз. Бірақ оларды қоғамның өзі де шеттетуі керек. Оны романтизациялайтын қоғамның өзі. Мысалы, «Шекер» сериалынан кейін де қоғамның пікірі екіге жарылып кеткен болатын», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші есірткіге мас күйінде көлік айдап ұсталған еді

Comments