Үкімет бюджет қаражатын бөлуде ішінара мораторий енгізді

1502
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Қазақстан Үкіметі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін бірқатар бағыттар бойынша бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тиісті қаулы күшіне енді

Құжатқа сәйкес, аталған мерзімге дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға, бюджеттен тыс қорлар құруға, мемлекеттік органдардың жаңа әкімшілік ғимараттары мен кешендерін салуға және сатып алуға қаржы қарастырылмайды. Ерекшелік 2022 жылдан бері құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі нысандарға қатысты.

Сондай-ақ мәдениет ұйымдарының жаңа нысандарын салу және мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемделген қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өз бетінше пайдалануына шектеу қойылды.

Сонымен қатар, мораторий талаптары бюджет және мемлекеттік жоспарлау, өңірлік және бюджеттік саясат бойынша орталық уәкілетті органдармен алдын ала келісілген жобаларға қолданылмайды.

Үнемделген қаржы елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін басым жобаларға бағытталмақ.

Comments